Жалпы ақпарат

 

Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даң. 3/1

Басқарма қызметі жөніндегі қысқа ақпарат

 

«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын тұрғын ұй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілері, сондай-ақ қала аббатандыруын дамыту саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауына қала әкімдігімен уәкілетті атқарушы органымен болып табылады.

 

Басқарма қызметінің негізгі түрлері болып табылады:

 

- Республикалық және жергілікті бюждеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыстың тапсырыс берушісі қызметін орындайды;

- объектілерді салу және қайта жаңарту жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды даярлау және іске асыру;

- Астана қаласы бойынша бірінші кезектегі объектілерді салу жоспарын әзірлеуге қатысу;

- Астана қаласы бойынша бірінші кезектегі объектілерді салу жоспарын іске асыру;

- мердігерлік шарттар жасасу;

- жасасқан шарттарға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулы қаржыландыру;

- мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындауын қамтамасыз ету;

- құрылыс объектілеріндегі жұмыс сапасына техникалық қадағалау жасауды қамтамасыз ету;

- орындалған жұмыстарға уақытында төлем жасалуына бақылау жүзеге асыру;

- салынған объектілерді пайдалануға тапсыру жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру;

- уәкілетті органнан қайтарылым негізінде бөлінген қаражатқа есеп жүргізу мен қайтарылуын қамтамасыз ету;

- басқарманың құзыретіне жататын мәселелер жөнінде азаматтарды қабылдауды, ұйымдастыру, азаматтардан түскен ұсыныстарды және өтініштерді қарау, мәселелер бойынша шешімі қабылдау;

- өз құзіретіне жататын мәселелер жөнінде шетел және халықаралық ұйымдармен өзара қарым қатынас және ынтымақтастықты ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлері.

 

Бірінші басшы туралы мәлімет

 

Рысбеков Талғат Тастыбайұлы, 1966 жылы 19 мамырда туған. Білімі жоғары. 1983-1990 – Целиноград инженерлік-құрылыс институтының студенті. Мамандығы – «Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс». 1984 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақыртылған. 1990 жылы – «Целингиппросельхоз» мемлекеттік жобалау институтының мамандандырылған сәулеттік секторының инженер-құрылысшы. 1992 жылы – «Ақмола-Альфа» ЖШС директоры. 1996 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы бас маман, МТБ бөлімінің бастығы. 2010 жылы «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің бастығы болып тағайындалды. 2012 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың наурызына дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2016 жылдың наурыз айынан бастап «Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы болып тағайындалды. 2016 жылдың тамыз айынан бастап «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалып, осы уақытқа дейін қызмет атқаруда.

 

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі

 

Басшыларының аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау уақыты

1.

Рысбеков Талғат Тастыбайұлы

Басқарма басшысы

дүйсенбі

1500-ден –1700 дейін

2.

 Пивоварова Светлана Александровна

Басшысының қаржы мәселесі жөніндегі орынбасары

бейсенбі

1700-ден – 1800 дейін 

3.

Миткин Алексей Юрьевич

Басшысының мемлекеттік сатып алу мәселесі жөніндегі орынбасары

сәрсенбі

 1700-ден – 1800 дейін 

4.

Айтуғанов Ержас Қанатұлы

Басшысының құрылыс істері жөніндегі орынбасары

сейсенбі

 1700 -ден - 1800 дейін