Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
10-қосымша

 

"Нур-Султан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы  ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. "Нур-Султан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) коммуналдық меншік объектілерін салу және Нур-Султан қаласының тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау саласында жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыратын Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті атқарушы органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нур-Султан қаласы, "Сарыарқа" ауданы, С. Сейфуллин көшесі, № 30.

10. Басқарманың толық атауы – "Нур-Султан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. Басқарманың миссиясы: коммуналдық меншік объектілерін салу және Нур-Султан қаласының тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

      1) құрылысты ұйымдастыру және Нур-Султан қаласының коммуналдық меншік объектілерін реконструкциялау;

      2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою (сатып алу), онда орналасқан ғимараттарды (құрылыстарды, орын-жайларды) бұзып алуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлерді бұзу;

       3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген Нур-Султан қаласында апатты үйлерді бұзып алудың пилотты жобасын іске асыру;

      4) Нур-Султан қаласының тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау.

      5) Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамалары нормаларын сақтау.

16. Функциялары:

      1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілерді салу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

      2) салынған объектілерді пайдалануға тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырыс беруші функциясын орындау;

      3) меншік иелеріне (жерді пайдаланушыларға) өтемақы төлеумен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюмен байланысты жер учаскелерін босату және ғимараттарды (құрылыстарды, орын-жайларды) бұзу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

       4) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-2-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, орын-жайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу;

      5) авариялық тұрғын үйлерді бұзуды жүзеге асыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

      6) Басқарма қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте мемлекеттік сатып алуды өткізу;

      8) Басқарманың қызметінен туындайтын мердігерлік шарттар мен басқа да шарттарды жасасу;

      9) жасасқан шарттарға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;

      10) мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      11) мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау;

      12) қайтару негізінде бөлінген қаражатты есепке алуды және қайтарылуын қамтамасыз ету;

      13) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;

       14) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      15) әкімдікпен белгіленген азаматтық қорғаныс, жұмылдыру бойынша іс-шараларды орындау;

      16) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын орындау;

17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен құжаттарды сұрату және алу;

      2) құрылыс, абаттандыру саласындағы нормаларды, қағидаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;

      3) Нур-Султан қаласының соттарында мыналарға қатысты:

жабдықталған тұрғын үй беру және тұрғын үй берместен, оның ішінде апатты және ескірген тұрғын үйлерден азаматтарды шығаруға;

әкімдіктің қаулысы негізінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға (сатып алуға), соның ішінде талап арыздан жартылай немесе толық бас тарту құқығымен талап арыздар беруге және оларға қол қоюға;

талап арыздың мәнін өзгертуге, сот шешімдеріне, анықтамаларына, Нур-Султан қаласының апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыдағы сотының қаулыларына арыздануға және жауапкерден және басқа құзыретті органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды талап ету құқығымен, барлық қажетті сұраныстар мен өтініштерге қол қою құқығымен орындауға сот актілерін ұсынуға, сот актілерінің мәжбүрлеп орындалуын талап етуге;

 Басқарманың қызметінен туындайтын барлық мәселелер бойынша сот орындарында оның мүддесін ұсынуға қатысты талапкер, жауапкер, үшінші тұлға және мүдделі тұлға ретінде әкімдіктің мүддесін ұсынуға;

      4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыру;

     5) жергілікті атқарушы органның қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

 

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын сақтамауына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Басқарма басшысын Нур-Султан қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарма басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма басшысы дербес басқару қағидатында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеде белгілеген құзыретіне сәйкес Басқарма қызметінің мәселелерін өзі шешеді;

      2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) барлық ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      4) шарттар жасасады;

      5) сенімхаттар береді;

   6) іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысы бойынша Басқарманың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

  8) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өзінің орынбасарларын және Басқарманың басқа да қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      9) Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      10) Басқарманың құрылымын, Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      11) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

22. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

 

4. Басқарманың мүлкі

 

23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдар тізбесі:

      1) "Нур-Султан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) "Нур-Султан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

       3) "Елорда даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Ақпарат

Құрылыс туралы заң

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Mемлекеттік сатып алу

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Нур-Султан қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

© 2019 Официальный сайт ГУ «Управление строительства и жилищной политики города Нур-Султан»
Яндекс.Метрика