Құрметті астана тұрғындары мен қонақтары!
Біз Сіздерге: «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына «Қош келдіңіздер» - дейміз.
Бұл сайтта Сіздер біздің мекеменің қызметімен таныса аласыздар, бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде салынатын объектілер туралы толық ақпарат алуға болады. Бұл өз кезегінде Сіздерге, сайтқа кірушілерге, бюджеттік құрылыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Ізгі ниетпен, "Астана қ. Құрылыс басқармасы" ММ бастығы
Лютов Владимир Викторович
Соңғы 12 жылда Астана бюджет көлемі жөнінен халқы бірнеше миллионды құрайтын Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің кейбір астаналарымен теңесті. Бұл мақтануға тұрарлық дәреже. Алайда қалалық құрылымдар мен Үкіметке жеткен жерде тоқтап, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Бұл туралы елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңес барысында 11 сәуір, сәрсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елордада Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы (тұрғын үй инспекциясы) құрылды. Дүйсенбі, 2 сәуір күні Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен өткен жиналыста әкімдіктің жаңадан құрылған бөлімшесінің бастығы Талғат Рысбеков ұйымдастыру жұмыстары мен басқарма алдына қойылған міндеттер жөнінде баяндады.
АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов e.gov.kz порталындағы онлайн-конференция барысында 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын-құрылыс мемлекеттік бағдарламасы ауқымында салынатын нысандардың тізімін атады.